Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 32 млрд теңгеден асты
Желтоқсан айының 1-і мен 31-і аралығында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 7,4 млрд теңгеге жуық жарна аударылды.
Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында түскен түсімдердің жалпы көлемі 32,1 млрд теңгеден асып жығылды.
Оның ішінде, 26,4 млрд теңге (82,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 5,7 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 17,8%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап келеді.
04.01.2018
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОРТАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛЕР ҮЙІМЕН МӘМС КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.
22.04.2025
JUSAN BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
21.04.2025
ӘМСҚ ӨКІЛДЕРІ МЕРКІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Меркі аудандық орталық ауруханасында зейнетақы және өзге де аударымдардың кешіктірілуіне байланысты ұжыммен кездесу өтті. ӘМСҚ өкілдері Қор тарапынан медициналық қызметтер үшін төлемдер уақытылы жүргізілетінін және еңбек қатынастарына араласуға құқығы жоқ екенін түсіндірді.
17.04.2025